СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат

Суретте екі адам жұмыс құжаттарын талқылап отыр. Олар үстел үстіндегі графиктер мен кестелерді қарап, берілген ақпаратты талдауда. Суреттегі жағдай іскерлік кездесу немесе жұмыс нәтижелерін бірлесіп талқылау сәтін бейнелейді.

Егер кедендік тексеруді кеден органдары кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, ол жарамсыз деп танылады.

Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:

-  кедендік тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу;

-  тексерілетін тұлғаға кедендік тексерудің алдын ала актісін жібермеу немесе табыс етпеу;

- нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің болмауына және (немесе) тексерілетін тұлғаның оларды ұсынбауына байланысты бұзу фактілері анықталған камералдық кедендік тексеруді осындай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткенге дейін аяқтау.

 -  тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне іс жүзінде бармай басталған көшпелі кедендік тексеруді жүргізу.

Кедендік тексеруді жарамсыз деп тану уәкілетті органның және (немесе) соттың кедендік тексеру актісі мен тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюы үшін негіз болып табылады.

Жарияланған күні

13 тамыз 2026

Жаңарту күні

20 тамыз 2026