Жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша семинар

Бірінші суретте әйел үстелдің алдында тұр, семинар өткізіп, екінші суретте семинарға қатысушылар қабырғаға орындықтардың артында отырып, ШҚО танымал тұлғаларының портреттері ілулі тұр

2025 жылғы 21 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша оқыту өткізді.

Оқыту барысында, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысанындағы «Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» толтыру тәртібі, ұсыну тәсілдері мен мерзімдері түсіндірілді. Сондай-ақ декларацияны ұсынбағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы және басқа да сұрақтарға жауап берілді.

Жарияланған күні

22 тамыз 2025

Жаңарту күні

22 тамыз 2025