Салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API-сервис

Құрметті салық төлеушілер, Сіздер үшін салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API-сервис қолжетімді.

API-сервис келесі сервистерді қамтиды:

  • Салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу қызметі (сервис кілті – SONO_FNO_SEND);

  • Хабарлама алу және салық есептілігі нысандарын өңдеу мәртебесін алу сервисі (Сервис кілті – SONO_FNO_GET_STATUS).


Осы қызметтерге қосылу үшін мүдделі тұлғалар Smart Bridge порталында авторлануы қажет.

Сервистар бөлімінде қажетті сервисті табу немесе сервис бетіне тікелей сілтеме бойынша өту:

Сервистің ашылған бетіндегі "Қосылу" батырмасын басу және нұсқаулыққа сәйкес сервиске қосылу үшін өтінімді рәсімдеу.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 Бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы Салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API сервисімен сыртқы ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру жүзеге асырылады".

API-сервиске қосылу жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ құжаттамалар жинақталған бума: техникалық талаптардың сипаттамасы, WSDL және сервистердің XSD схемалары, жауаптар үлгілері және т. б. жүктеу үшін төменде :

Жарияланған күні

24 қазан 2024

Жаңарту күні

24 қазан 2024

Қызмет бағыты