СЕӨС және СТК АЖ қолдау қызметіне хабарласуды ресімдеу ережелері
Көру саны:189
СЕӨС және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасын пайдаланушыларының Қолдау қызметі жұмысының негізгі ережелері
-
СЕӨС АЖ Қолдау қызметіне хабарласуды ресімдеу ережелері.
СЕӨС және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасының Қолдау қызмметіне хабарласқанда, sonosd@mgd.kz мекен-жайына электронды поштамен жіберу керек.
Хабарласу форматы мына шаблонға сәйкес болуы керек:
|
Хабарласу тақырыбы: |
ХХХХХХХХХХХХ/ YYYYYYYYYYYY /СЕӨС АЖ/СТК/Пайдаланушының мәселесінің қысқа сипаттамасы |
|
Хабарласу мәтіні: |
1) Ақпараттық жүйе немесе пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету; |
Бұл жерде:
-
ХХХХХХХХХХХХ – салық төлеушінің СТН;
-
YYYYYYYYYYYY – салық төлеушінің ЖСН/БСН;
-
СЕӨС АЖ– «Салық есептілігін өңдеу сервисі» ақпараттық жүйесі;
-
СТК- «Салық төлеуші кабинеті »Web-қосымшасы
Қажет болған жағдайда СЕӨС Қолдау қызметімен Пайдаланушыға «Қосымша ақпаратты ұсынуға сұрау» жіберіледі, бұл ретте жауапты дайындау үшін жауапты маманмен Пайдаланушының мекен-жайына Сұрауға жеткілікті ақпаратты ұсыну үшін жүргізуге қажетті әрекеттердің сипаттамасы немесе нұсқау жіберілуі мүмкін.
-
Мәселені талдау үшін СЕӨС Қолдау қызметімен сұратылуы мүмкін болатын қосымша ақпарат.
1) Мәселенің пайда болу уақыты (КК/АА/ЖЖ СС/ММ).
2) Мәселенің толық сипаттамасы.
3) Кдиент жабдығының ерекшелігі:
-
ЦП түрі, ЦП жиілілігі (Ггц), ОЗУ (Мб);
-
salyk.kz желілік өзара қарым-қатынас жылдамдығы(Кб/сек);
-
Клиентпен дисктегі бос орынның саны (Мб).
4) Пайдаланушының жалпы бағдарламалық қамтамасыз етуі:
-
Операциялық жүйе;
-
Операциялық жүйенің пак сервисі.
5) «Салық төлеуші кабинеті »Web-қосымшасы
-
Қолданылатын web-браузер
-
web-браузердің нұсқасы
-
Java-қосымшасының нұсқасы
6) СЕӨС клиенттік қосымшасы
-
«\target\cert» папкасының мазмұны
-
«\target\logs» папкасының мазмұны
-
«\target\conf\default» папкасының мазмұны
-
«target\conf\user» папкасының мазмұны
-
СЕӨС клиенттік қосымшаның логтарын қайдан алу керек
СЕӨС клиенттік қосымшаның логтары бағдарламамен орнатылған папкада орналасқан. Мысалы: егер СЕӨС клиенттік қосымшасы «C:\Program Files\SONO» директориясына (папкасына) орнатылған болса, онда логтар «C:\Program Files\SONO\target\logs» жолы бойынша орналасатын болады.
-
СЕӨС Қолдау қызметімен өтініштерді қарастыру мерзімдері
|
Өтінішті СЕӨС Қолдау қызметіне жібергеннен кейін Пайдаланушыға бір сағат ішінде оның өтініші қабылданғаны туралы хабарлама жіберілетін болады, бұл кезде: |
|
Пайдаланушының алғаш Өтінішіне жауап уақыты өтінішті тіркеу уақытынан 6 жұмыс сағатынан көп емес уақытты құрады; |
|
«Қосымша ақпараттың сұранысына» жауапты алғаннан кейін, жауап уақыты Сұранысқа жауап алған уақыттан бастап 2 жұмыс күнінен көп емес уақытты құрады; |
|
Егер жұмыс уақытының 72 сағатының ішінде СЕӨС Қолдау қызметімен «Қосымша ақпараттың сұранысына» жауап алынбаған болса, онда Өтінішті қарастыру тоқтатылады, және пайдаланушыға сәйкес Хабарлама жіберілетін болады; |
|
Өтініштерді қарастыру уақыты - 10 жұмыс күні. Бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажеттілігне байланысты, өтініштер Ерекше жағдай болып табылады, олардың шешімі 1 айға дейін ұзартылуы мүмкін. |
29 наурыз 2023
29 наурыз 2023