Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының
2020 жылғы «14» қаңтар №____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының
10-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру: қоғамдық қарым-қатынастардың оқшауланған салалары үшін әзірленді. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың әзірлеушісі болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қарым-қатынастардың оқшауланған саласы үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеудегі міндеттер:
1) қоғамдық қарым-қатынастардың оқшауланған салаларында жұмыс істейтін тұлғаларда орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлықтың көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарын болдырмау болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттартардың қағидаттары:
1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;
5) мүдделер қақтығысына жол бермеу болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қарым-қатынастырдың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған әрекеттерін және шешімдерін айқындайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізіне лауазымдық міндеттерін орындауда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау көзқарасы бойынша мыналарды:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
2) өзінің құзыреті шегінде басқарушылық және өзге шешімдерді дайындау және қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
4) тыныс-тіршілік саласына сәйкес келетін ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық-маңызды қатынастар кезінде тікелей әрекеттер енгізілген.
- Қоғамдық қарым-қатынастар саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлық (әрекет) қағидалары
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салаларда жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде:
1) Қазақстан халқы бірлігінің және елдегі ұлтаралық келісімнің нығаюуына ықпал ету, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;
2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;
3) қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділеттігін қамтамасыз ету;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
5) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану.
- Өзінің құзыреті шегінде басқарушылық немесе өзге шешімдер дайындаған және қабылдаған кезде:
1) тікелей немесе тура басшысына мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі жеке мүдделілік туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға бейімділік туралы баяндау;
2) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік мүдедделерді басшылыққа алмау;
3) әділ қызметтік шешім қабылдауда әсер ете алатын өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестерге және басшыларға жүгінуден тартыну;
4) басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға көндірмеу және көтермелемеу;
5) лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін әріптестерге, басшыларға және өзге лауазымды адамдарға сыйлықтарды тарту етпеу және қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;
6) лауазымдық өкілеттіктерін орныдаумен байланысты сыйлықтарды қабыл алмау;
7) мүліктік және мүліктік емес пайда мен артықшылықтарды алу немесе өндіріп алу мақсатында жариялануға жатпайтын қызметтік және өзге ақпаратты пайдаланбау;
8) егер лауазымға тағайындалу жақын туыстық қатынастағы тұлғалармен (ата-аналары, жұбайы, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) тiкелей бағыныста және бақылауында болумен байланысты болса, одан бас тарту;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда белсенділік таныту;
10) сыбайлас жемқорлықтың мәлім болған фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды жылдам не сөзбұйдаға салып қарастыру үшін қандай да бір пайда алуға көнушілік туралы басшылыққа дереу баяндау;
- Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, лицензиялық-рұқсат беру функцияларын іске асыру және өзге де қызмет көрсеткен кезде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына ұсынылады:
1) мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет, лицензиялар және рұқсат беру құжаттарын алуға арналған өтініштерді қарастырған кезде сөзбұйда фактілеріне жол бермеу, оларды белгіленген мерзімде беру;
3) мемлекеттік қызмет, лицензиялар және рұқсат беру құжаттарын алуға өтініш берген өтініш иелерімен қызметтен тыс қарым-қатынасқа түспеу;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндірген кезде басшылыққа баяндау;
- Мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғаларға тексеруді ұйымдастырған кезде лауазымды тұлғаларға ұсынылады:
1) тексеру субъектілерінің қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу;
2) жеке мүдделер мен үшінші тұлғалардың мүдделері үшін тексерулерге бастамашылық етуге жол бермеу;
3) тексеру іс-шараларын тексерілетін субъектілердің есебінен жүргізуді болдырмау;
4) тексерілетін субъектілерге заңсыз талаптар қоймау, тексеру пәніне жатпайтын өтініштермен жүгінбеу;
5) тексерілетін субъектіге тексеріс кезінде оның мәніне жататын қажетті ақпаратты ұсыну;
6) жеке және пайдакүнемдiк мүдделерiнде кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне қолдау көрсетпеу;
7) тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін кәсіпкерлік субъектілерінен тексеру пәніне жатпайтын құжаттарды талап етпеу;
8) кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мәлім болған коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, жариялауға және (немесе) пайдалануға жол бермеу.
- Мемлекеттік кірістер органдарының жұмыскерлерін іріктеу және орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастырған кезде мемлекеттік кірістер органдарының басшылары мен лауазымды тұлғаларына ұсынылады:
1) меритократия қағидаттарын басшылыққа алу;
2) тағайындауға арналған материалдарды қарастырудың белгіленген мерзімін сақтау және бақылау;
3) мемлекеттік кірістер органдарына жұмысқа қабылдаған кезде негізгі міндеттерді, лаузымдық тұлғаларға қолданылатын тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;
4) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындаған кезде:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауда және талқылауда жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуы;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің міндетті қатысуы;
3) нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдағанға дейін көпшілік талқылауы үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінің жобалары сараптамалық кеңес отырысында қаралғанға дейін интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жариялануға (таралуына) жатады;
- Тыныс-тіршілік саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық-маңызды қатынастар кезінде:
1) бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындау;
2) бағыныстағы лауазымды тұлғалардың арасында еңбек жүктемесінің тең бөлінбеуіне жол бермеу;
3) олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалаған кезде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолданған кезде әділдік пен объективтілік білдіру;
4) анық орындай алмайтын немесе лауазымдық міндеттерінің шеңберінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеу;
5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағыныстағы қызметкерлердің қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбау;
6) бағыныстағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға мәжбүрлемеу;
7) бағыныстағы қызметкерлер мен басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактілерінің жолын кесу және жол бермеу;
8) өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша тыңғылықты шараларды уақтылы қабылдау;
9) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тыңғылықты шараларды қабылдау;
10) жоғары тұрған не төмен тұрған, не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау.
11
1
06 қараша 2020 00:00
06 қараша 2020