Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығы (2021.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары-
Қаржы министрі А. Смаилов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 3 қазандағы
№ 1084 бұйрығына
қосымша
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
- Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (ары қарай - Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
- Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
2) ҚҚС - қосылған құн салығы;
3) мемлекеттік кірістер органы - Комитет, Департамент, сондай-ақ Пилоттық жобаның қатысушлары ретінде айқындылған, салық төлеушілердің орналасқан орны бойынша тіркелген аумақтағы аумақтық мемлекеттік кірістер органдары;
4) Хабарлама - камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
5) Хабарлама - камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама;
6) электрондық шот-фактура - ЭШФ ақпараттық жүйесіні арқылы және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын сәйкес жазып берілген құжат;
7) ЭШФ АЖ - Комитеттің ақпараттық ресурсы болып табылатын және электрондық шот-фактураны электронды нысанда жазып берілетін Комитеттің ақпаратық жүйесі.
2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары
- Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мәліметтерді талдау негізінде, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде анықталған жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған ҚҚС төлеушілер;
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, салық төлеушілер жазылып берген ЭШФ сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын салық төлеушілер (контрагенттер);
3) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.
3-тарау. Пилоттық жобаның қатысушыларының құқықтары мен міндеттемелері
ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
- Салық төлеуші:
1) салық төлеуші тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған ЭШФ қайтарып алу жолымен салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға;
2) құпия (қызметтік) ақпараттар болып табылатын тәуекел басқару жүйесінің өлшемшарттарын қоспағанда, жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу жөнінде мемлекеттік кірістер органдарынан түсініктемелер алуға құқылы;
- Салық төлеуші:
1) Осы Ережемен анықталған тәртіппен жолдалынған хабарламаларды орындауға;
2) қаржылық-шарушалық операцияларды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың көшірмесін мемлекеттік кірістер органдарының талап етуі бойынша ұсынуға міндетті.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1421 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
- Мемлекеттік кірістер органдары:
1) салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін камералдық бақылау жүргізуге;
2) пилоттық жобаны іске асыру барысында жоғары тәуекел деңгейіне жатқызылған салық төлеушіден қаржы-шаруашылық операциясын жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге;
3) ай сайын келесі айдың 5 күнінен кешіктірмей Комитеттің http://kgd.gov.kz ресми сайтында орналастыруға салық төлеушілердің мынадай:
ЭШФ жазып беруге шектеу жасалған;
шектеу шеңберінде ЭШФ жазып беруі қайтарып алынған тізбелерін орналастыруға.
Бұл ретте осы тізбелер өсу қорытындысымен орналастыру жүргізілген айдың бірінші күніне өзекті болып табылады.
- Мемлекеттік кірістер органдары:
1) құпия (қызметтік) ақпараттарға жататын тәуекелелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттарын қоспағанда, салықтық әкімшілендірудің өзгеше нысанын қолдану негіздері жөнінде түсініктемелер ұсынуға;
2) құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттары жөнінде түсініктемелер ұсынуға міндетті.
4-тарау. Хабарламаларды орындау тәртібі
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1421 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
- Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған хабарламалар ол тапсырылған (алған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындауға жатады.
ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
- Хабарламаларды
1) егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіскен жағдайда-салық төлеуші тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ қайтарып алған жағдайда;
2) егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіспеген жағдайда-салық төлеуші қаржы-шаруа операцияларын нақтылайтын, құжаттардың көшірмесін қоса отырып түсінік ұсынған жағдайда салық төлеушінің орындағаны болып танылады.
ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Хабарлама Салық кодексінің 96-бабы 4-тармағымен көзделген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының шешім шығаруымен орындалмаған деп танылған жағдайда, осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген пилоттық жобаға қатысушыларының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмейді.
5-тарау. Жобаның іске асыру тәртібі және мерзімдері
- Комитет апта сайын осы Қағидалардың 4-тармағы 1) тармақшасынада айқындалған шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілердің тізімін қалыптастырады.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1421 бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
- Комитет салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берген соң бір жұмыс күні ішінде:
1) салық төлеуші жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ (олар болған кезде) көрсете отырып, салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ күні 2019 жылғы бірінші қаңтардан бұрын жазылмайды;
2) ЭШФ АЖ салық төлеушінің жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылатындығы туралы хабардар ету және, егер хабарлама орындалмаған жағдайда, ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданылады;
3) ЭШФ деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы болып табылатын салық төлеушіге «Салық төлеушілердің кабинеті» веб-қосымшасында хабарлама жолдайды.
- Мемлекеттік кірістер органы тұрақты негізде жіберілген хабарламаларды орындалуын бақылайды.
- Мемлекеттік кірістер органы салық төлеушілер Хабарламаны орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, қайтарып алынған ЭШФ және берілген түсіндірулерге талдау жүргізеді.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1421 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
- Мемлекеттік кірістер органдары мынадай жағдайларда және мерзімдерде:
1) осындай түсіндірулер Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылмаған жағдайда, түсіндіруді талдау аяқталған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде;
2) осындай хабарлама орындалмаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданады.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары ЭШФ АЖ-ға кіруге осындай шектеу болған кезде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы, сондай-ақ хабарламаның орындалмауы туралы ЭШФ АЖ-ға хабарлама жолдайды.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1421 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда
- Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары осындай хабарлама орындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бұл туралы пилоттық жобаға қатысушыларды ЭШФ АЖ-да бір мезгілде хабардар ете отырып, ЭШФ АЖ-ға кіруге шектеуді қолдануды жояды.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1421 бұйрығымен 16-тармақпен толықтырылды; ҚР Қаржы министрінің 2021.18.03. № 232 бұйрығымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
- ЭШФ жазып беру шектелген жағдайда Салық кодексінің 413-бабында көзделген оны жазып беру мерзімдері мұндай шектеу алып тасталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1421 бұйрығымен 17-тармақпен толықтырылды
- Камералдық бақылау және камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау, осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1421 бұйрығымен 18-тармақпен толықтырылды
- Хабарламаны осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тәсілдердің бірімен орындаған жағдайда, салық төлеуші бойынша пилоттық жобаның шеңберінде берілген тәуекел дәрежесі алынып тасталады.
105