Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ала алады.

ИНТЕРНЕТ арқылы үйде

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін мыналар қажет:

  • 1 қадам. Интернетте egov.kz сайтын ашыңыз және порталда ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтіңіз:
  • 2 қадам. Өтінімді ("ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу" белгісі бар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтінішін) толтыру және оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
  • 3 қадам. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері

  • қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою – 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

– ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берілген күннен бастап-келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берген тұлғалар үшін;

- Бизнес – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап-Қазақстан Республикасының жаңадан тіркелген заңды тұлғалары-резиденттері үшін;

  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті (бұдан әрі – ҚҚС куәлігі) ауыстыру – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару не ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан дәлелді бас тарту-салықтық өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Сіз www.egov.kz, https://cabinet.salyk.kz/ сайтынан үйден шықпай-ақ көре аласыз:

  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою;
  • ҚҚС куәлігін ауыстыру;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару;
  • көрсетілетін қызметті берушінің ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы дәлелді жауабы.

 

 

Жарияланған күні

28 маусым 2021

Жаңарту күні

28 маусым 2021