Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 569-бабына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген) бекітілген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді есептеу әдістемесінің негізінде, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының            төрағасы

 

 

 

      В. Бубенко

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 21.04.2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 7479-15 болып енгізілді

 

 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшерлемелері

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2023 жылғы 17 сәуірдегі

№ 2/5 шешіміне қосымша

 

Р/с

№

Өзен, көл, теңіз бассейндері

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Есіл өзенінің бассейні

Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

185,19

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда

теңге/1000 текше метр

513,07

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

145,73

4

Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

145,73

5

Гидроэнергетика

теңге/1000 киловатт/сағат

51,61

6

Су көлігі

тенге/1000 көліктік километр

15,18

 

Жарияланған күні

11 мамыр 2023

Жаңарту күні

11 мамыр 2023

Қызмет бағыты