Артқа

Қабдөшев Төлеген Дастемұлы

Департамент бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Қабдөшев Төлеген Дастемұлы 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Явленка с. туған.

Білімі жоғары,  2001 жылы Көкшетау гуманитарлы-экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

1989-1991жж. ҚСРО Қарулы күштері қатарында қызмет етті.

Мемлекеттік наградалар,  құрметті  атақтары  және мерекелік медальдары: 

 «Салық қызметінің үздігі»  төсбелгісі  – 2010ж., «Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі – 2011ж., «Қаржы қызметінің үздігі"  төсбелгісі  – 2013ж., «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі  – 2013ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой  медалі  – 2016ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі – 2018ж.,  «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісі – 2021ж., «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтой медалі – 2021ж., «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісі – 2023ж.,  «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» естелік төсбелгісі – 2024ж..

Мансап

Еңбек қызметі:

  • 1994 жылдың шілде айынан бастап 1997 жылдың тамыз айына дейін Петропавл қ. бойынша салық инспекциясы кәсіпкерлік қызметтерге салық салу жөніндегі бөлімінің салық инспекторы;
  • 1997 жылдың қыркүйек айынан бастап 1998 жылдың тамыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті Петропавл қ. бойынша басқармасы жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің аға салық инспекторы;
  • 1998 жылдың тамыз айынан бастап 1999 жылдың наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті Петропавл қ. бойынша басқармасы жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің  бас салық инспекторы;
  • 1999 жылдың сәуір айынан бастап 1999 жылдың желтоқсан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті Петропавл қ. бойынша басқармасы өндіріп алу бөлімінің сектор меңгерушісі;
  • 2000 жылдың қаңтар айынан бастап 2002 жылдың қаңтар айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ішкі аудит бөлімінің бас салық инспекторы;
  • 2002 жылдың қаңтар айынан бастап 2003 жылдың мамыр айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ішкі аудит бөлімінің бастығы;
  • 2003 жылдың маусым айынан бастап 2005 жылдың наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ұйымдастыру басқармасының бастығы;
  • 2005 жылдың сәуір айынан бастап 2005 жылдың сәуір айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті  ұйымдастыру басқармасы ұйымдастыру бөлімі басқарма бастығы – бөлім бастығы;
  • 2005 жылдың сәуір айынан бастап 2008 жылдың шілде айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы;
  • 2008 жылдың шілде айынан бастап 2009 жылдың наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша салық басқармасының бастығы;
  • 2009 жылдың наурыз айынан бастап 2013 жылдың наурыз  айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
  • 2013 жылдың наурыз айынан бастап 2014 жылдың қараша  айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары;
  • 2014 жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;
  • 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
  • 2025 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін  Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.