
Оңалту және банкроттық
Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай (қозғамай) отырып, оны тарату туралы хабарландыру
Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілер тізімі
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер тізімі
Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар
Оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру
Банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі
Оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі
Борышкерге қатысты берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылғаны туралы хабарландыру
Борышкердің мүлкін бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарлама
Оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік бақылау "оңалту және банкроттық туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Мәселен, Заңның 15-бабында оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның құзыреті айқындалған, онда осы баптың 4-тармақшасында Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру көзделген.
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне бармай Профилактикалық бақылаудың ерекшелігі бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеу және бақылау субъектісінің уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру болып табылады.
Әкімші бақылау субъектісі болып табылады.
Осындай бақылауды жүргізу тәсілі уәкілетті орган алған, оларға мыналар жататын деректер мен ақпаратты өзара салыстыру болып табылады:
1) оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпарат;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ әкімші мен борышкердің қызметі бойынша өзге де көздерден алынған мәліметтер қоса беріледі.
Осы Заңда уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кез келген мемлекеттік орган, заңды не жеке тұлға борышкерге қатысты кез келген құпия ақпаратты беруге міндетті екендігі регламенттелгенін атап өткен жөн.
Әкімші тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама жібереді, оны алған кезден бастап бақылау субъектісі он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарламаны жіберген уәкілетті органға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 18 тамыз 2026Талдамалық мақалаБанкроттық және төлем қабылеттілігін қалпына келтіру: азаматтар нені білу қажет


