Жиі қойылатын сұрақтар
Құжаттар және(немесе) мәліметтер тізбесі, оның ішінде тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу кезінде ЕАЭО КК 325 бабының 4-тармағында жене 326 басының 1-тармағында сәйкес декларанттан кеден органы сұратқан жазбаша түсіндірмелер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындалмаудың анықталған белгілері ескеріле отырып, сондай-ақ мәміленің шарттары мен мән-жайлары және физикалық сипаттамалары, импортталған тауарлардың сапасы ескеріле отырып ЕАЭО 27 наурыздағы шешімін, сондай-ақ Ережеге сәйкес айқындалады.
ЕАЭО КК 326 бабына сәйкес кеден декларациясына қатысты кедендік, өзге де құжаттарға және мәліметтерге, кеден декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кеден декларациясында мәлімделген және кеден органдарына ұсынылған тауарлар шығарылғаннан кейін басталған құжаттарда қамтылған мәліметтерге тексеру жүргізу кезінде не кедендік бақылаудың осы нысаны қолданылған өзге де жағдайларда кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және(немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
ЕАЭО КК 325 бабына сәйкес, егер кедендік декларацияны тапсыру кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен қатар жүрмеген кеден органы тексерілетін мәліметтерге қатысты деклоранттан олар туралы мәліметтер кедендік декларацияда көрсетілген құжаттарды сұратуға құқылы. ЕАЭО КК 325 бабының 1-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды декларант мерзім аяқталғанға дейін 4 сағаттан кешіктірмей ұсынуға тиіс.
ЕАЭО КК 325 бабының 14-тармағына сәйкес, кеден органы кедендік , өзге де құжаттарды және мәліметтерді ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, ал егер айтылған құжаттар және(немесе) мәліметттер 14 тармақтың 1 тармақшаларында белгіленген мерзімде ұсынылмаса, осы мерзім өткен күннен бастап аяқтайды.
Кеден органы ұстаған тауарлар мен көлік құралдарының жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді, ал тез бұзылатын - жиырма төрт сағатты құрайды
Кедендік тексеріп қарау-тауарлардың орамасын, көлік құралдарының жүк үй-жайларын (бөлімдерін), контейнерлерді, табақ бұйымдарын немесе тауарлар орналасқан НЕМЕСЕ БОЛУЫ МҮМКІН басқа да орындарды аша отырып, көлік құралдары мен жеке тұлғалардың багажын қоса алғанда, тауарларға қатысты тексеріп қарауды жүргізуден және басқа да әрекеттерді орындаудан тұратын Кедендік бақылау нысаны және (немесе) кедендік мөрлерді, пломбаларды немесе оларға салынған өзге де сәйкестендіру құралдарын алып тастаумен, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерінің бөлшектеуімен, бөлшектеуімен немесе тұтастығын басқа тәсілдермен бұзумен жүзеге асырылады.