«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ «Ахуалдық орталық» басқармасына жиі қойылатын сұрақтар

1._Кедендік тексеруді өткізуге не негіз болады?

  • кедендік тексеруді өткізуді көздейтін тәуекелдерді автоматтандырылған басқару жүйесінің іске қосылған тәуекел бейіндері;
  • басып шығарылған рентген суретінің бет жағында «ИТК бақылауы, күдікті» штампының болуы және/немесе мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйесінде жөнелтуші кеден органының ИТК пайдалану арқылы кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша кедендік тексеру жүргізу қажеттілігі туралы мәліметтердің болуы;
  • Қазақстан Республикасының кедендік мақсатта ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімдері бар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) немесе шет елдердің құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан ықтимал тәуекел (бағдар) туралы ақпараттың болуы.

2._Қандай тауарлар мен көлік құралдары кедендік тексеруден босатылады?

_____Кедендік тексеруден босатылады:

  • өз жүрісімен өтетін шетелдік әскери кемелер (кемелер), әскери әуе кемелері және әскери техника;
  • арнайы өтініштерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін әскери мүлкі.

3._Инспекциялық-тексеру кешені дегеніміз не?

_____Инспекциялық-тексеру кешені – уәкілетті органдардың теміржол және автокөлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктеріндегі ішіндегіні, контейнерлерді ашпай-ақ интрузивті емес (контактісіз) тексеру әдісімен визуалды тексеруі үшін пайдаланылатын, кескінді өңдеу және талдау жүйелерімен жабдықталған тексеру интраскопиялық техникасы (стационарлық, тасымалды және мобильді техникалық интрузивті емес тексеру құралдары).

4._Кедендік тексеру қандай мерзімде жүзеге асырылады?

_____Мемлекеттік кіріс органдарының уәкілетті лауазымды адамдары кедендік тексеруді оны толық аяқтау үшін жеткілікті мерзімде, бірақ тауарларды жіберу мерзімін ұзарту кезінде көзделген мерзімдерден асырмай 193-бапқа сәйкес және Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау кезінде Кодекстің 231-бабына сәйкес жүзеге асырады.

5._Кеден сараптамасын тағайындау және өткізу кезінде декларанттың қандай құқықтары бар?

  1. кеден сарапшысына (сарапшыға) одан кеден сарапшысының (сарапшының) қорытындысын алу үшін қосымша сұрақтар қою туралы өтініш білдіру;
  2. кеден сараптамасын тағайындаған кеден органында кеден сарапшысының (сарапшының) қорытындысын алу;
  3. кеден органдарының кеден сараптамасын жүргізуі үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу кезiнде қатысу;
  4. қайта кеден сараптамасын жүргізу туралы өтініш білдіру;
  5. кеден сараптамасын жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсыну.
Жарияланған күні

08 қазан 2026 15:59

Жаңарту күні

09 қазан 2026