Кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың назарына

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 «Мемлекеттік кірістер органына есепке алуды жүргізу және есептілікті ұсыну мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы бұйрығы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Нормативтік құқықтық актіге сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2600038744

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларын және «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарын сақтау және есептілікті жолдау кезінде e-Otinish платформасын пайдалануды болдырмау мақсатында мемлекеттік кірістер департаменттерінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына сәйкес есептілікті қабылдауға арналған электрондық пошта жәшіктері құрылды.

Уақытша сақтау қоймаларының, кедендік қоймалардың, еркін қоймалардың, өз тауарларын сақтау қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне, кедендік тасымалдаушыларға, кедендік өкілдерге және уәкілетті экономикалық операторларға кезекті есептілікті төменде көрсетілген ұсынымдарды ескере отырып, мемлекеттік кірістер департаменттерінің электрондық пошта мекенжайларына жолдау қажет.

Есептілікті мемлекеттік кірістер органына электрондық пошта арқылы жолдау бойынша ұсынымдар:

  1. Ілеспе хатта тіркеу нөмірі мен күні, орындаушының аты-жөні және байланыс деректері (жұмыс және ұялы телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы) көрсетілуі қажет.

  2. Электрондық хаттың тақырыбы нақты көрсетілуі тиіс. Мысалы: «Алатау» ЖШС УСҚ-ның 2026 жылғы 1-тоқсанға арналған есебі. Есеп файлының атауы хаттың тақырыбымен сәйкес болуы қажет.

 

Мемлекеттік кірістер департаментінің атауы Электрондық пошта мекенжайы
Ақмола облысы бойынша МКД akmol@kgd.gov.kz
Ақтөбе облысы бойынша МКД 50400uta@kgd.gov.kz
Алматы облысы бойынша МКД 55400_otchet_keden@kgd.gov.kz
Астана қаласы бойынша МКД utk.astana@kgd.gov.kz
Алматы қаласы бойынша МКД Otchety.Keden_Almaty@kgd.gov.kz
Атырау облысы бойынша МКД atyrau.keden@kgd.gov.kz
Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД 51400uta@kgd.gov.kz
Жамбыл облысы бойынша МКД 51500utk@kgd.gov.kz
Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД zko_51700@kgd.gov.kz
Қарағанды облысы бойынша МКД dgd_karaganda@kgd.gov.kz
Қостанай облысы бойынша МКД dgduta@mail.ru
Қызылорда облысы бойынша МКД dgd_kzo@kgd.gov.kz
Маңғыстау облысы бойынша МКД 50700uta@kgd.gov.kz
Павлодар облысы бойынша МКД uta_pvl_otchet@kgd.gov.kz
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД mail.sko@kgd.gov.kz
Түркістан облысы бойынша МКД 55500uta@kgd.gov.kz
Шымкент қаласы бойынша МКД 57200uta@kgd.gov.kz
Жетісу облысы бойынша МКД dgd.zhetisu.uta@kgd.gov.kz
Ұлытау облысы бойынша МКД ulytau_57400@kgd.gov.kz
Абай облысы бойынша МКД 7101uta@kgd.gov.kz

 

Жарияланған күні

19 қазан 2026 16:43

Жаңарту күні

19 қазан 2026