Қазақстан Республикасының күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі

Қазақстан Республикасының күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі

Астана қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара аясында адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

«Құрмет» орденімен марапатталған:
▪️ Айдын Сауданбеков – Департамент басшысының орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
▪️ Рамиля Чукалова – Адами ресурстар басқармасының басшысы;
▪️ Ильяс Шаймагамбетов – Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы.

Мемлекеттік наградалар – кәсіби жетістіктердің, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен атқарудың және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлестің лайықты бағалануы.