«Астана қаласының республикалық бюджеті 2026 жылдың 8 айында 118,4%-ға орындалды»

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 2 465,9 млрд теңге көлемінде түсім қамтамасыз етілді немесе жоспар 118,4%-ға орындалды (жоспар 2 081,8 млрд теңге). 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 550,7 млрд теңгеге немесе 28,8%-ға өсті.

2025 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең жоғары өсімі мынадай салық түрлері бойынша байқалады:

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы бойынша 333,1 млрд теңгеге;

мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша 105,6 млрд теңгеге;

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аумағынан импортталған тауарларға салынатын қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша 72,8 млрд теңгеге.

 
 
 
 
Жарияланған күні

14 қыркүйек 2026 10:52

Жаңарту күні

20 қазан 2026