Артқа

Сухамбеков Канат Садуакасович

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1992 жылғы 17 тамызда Астана қаласында дүниеге келген. Білімі: 2010-2014 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті, «халықаралық құқық» мамандығы бойынша құқық бакалавры. 2017-2020 жж. – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Мансап

Еңбек қызметі:

2014 ж. – «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ өндірістік процестерді бақылау және маркетинг бөлімінің маманы, кейін менеджері, Астана қаласы;

2014-2016 жж. – «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ заң бөлімінің құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жетекші маманының міндетін атқарушы, кейін жетекші маманы, Астана қаласы;

2016-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі сарапшысының міндетін атқарушы, кейін сарапшысы, Астана қаласы;

2017-2019 жж. – Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, Көкшетау қаласы;

2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің сарапшысы, консультанты, кейін инспекторы, Астана қаласы;

2022-2023 жж. – Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Алматы қаласы;

2023-2025 жж. – Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы, Алматы қаласы;

2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.