Артқа

Мустафин Даурен Камзаевич

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1984 жылғы 12 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі: 2005 ж. – Қаржы полициясы академиясы, кеден ісінің маманы. 2012 ж. – Инновациялық Еуразия университеті, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.

Мансап

Еңбек қызметі:

 

2001-2005 жж. – Астана қаласы бойынша Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы;

 

2005-2008 жж. – Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы алдын ала операциялар мен кедендік алып жүруді бақылау бөлімінің маманы, аға маманы, бас маманы;

 

2008-2011 жж. – Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Урлютобе» кеден бекетінің аға маманы;

 

2011 ж. – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қарамағында; «Қорғас» кеден бекеті маманының міндетін атқарушы, кейін маманы;

 

2011-2012 жж. – Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Қорғас» кеденінің кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің саудасыз айналымды бақылау бөлімшесінің маманы;

 

2012 ж. – «Қорғас» кеденінің тәуекелдерді талдау және статистика бөлімшесінің аға маманы, «Алтынкөл» кеден бекетінің аға маманы, Ішкі қауіпсіздік басқармасы жедел-кезекшілік қызметі бөлімінің маманы;

 

2012-2013 жж. – Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы алдын ала операциялар мен кедендік алып жүруді бақылау бөлімінің аға маманы;

 

2013 ж. – Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Пост-кедендік бақылау басқармасы Пост-кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы;

 

2013-2014 жж. – Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы;

 

2014-2016 жж. – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қалжат» және «Алтынкөл» кеден бекеттерінің бас маманы;

 

2016-2017 жж. – Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Павлодар-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы;

 

2017-2018 жж. – Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы пост-кедендік бақылау бөлімінің бас маманы;

 

2018-2019 жж. – Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы пост-кедендік бақылау бөлімінің басшысы;

 

2019-2020 жж. – Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы көшпелі кедендік тексерулер бөлімінің басшысы;

 

2020-2021 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы камералдық кедендік тексерулер бөлімінің басшысы;

 

2021-2022 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы;

 

2022-2023 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің басшысы;

 

2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.