Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қонаев қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы, индекс 03-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-R-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жалпы басшылығын атқару және бөлім қызметкерлерінің жұмысын бақылау. Бөлімінің ережесін, бөлімнің жұмыс жоспарын жасау, бөлім қызметкерлерінің арасында лауазымдық міндеттерін белгілеу және бөлу. Бекітілген номенклатура бойынша бөлімге түскен құжаттарды өңдеу. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жалпы ақпараттар дайындау. Салық заңдылығын жетілдіру мақсатында ұсыныстар беру. Бөлімнің жұмыс

жоспарында көзделген қажетті іс-шараларды әзірлеуге және олардың уақытылы жүзеге асырылуын қадағалау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен қабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Аудан бойынша салық төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау және жеке тұлғалардан бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуін, толық және уақытылы енгізілуін, болжамның орындалуын бақылау. Есеп беру кезеңіндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару. Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау. Салық төлеушілерден келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды қарау және бөлім құзіретінде оларға негізделген жауаптар дайындау. ҚМ МКК Мемлекеттік кірістер департаментіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Жеке шоттардың есебін жүргізу және беру, есепке алу және артық төленген сомаларды қайтару. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылардың төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару. Жеке шоттардың есебін жүргізу. Бюджетке төленетін салық және төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түсімдеріне, берешек және артық төленген сомалары бойынша есептіліктер қалыптастырып талдау жүргізу. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түсімдеріне бақылау жүргізу. Электронды пошта жүйесіне әкімшілік жүргізу. Желілер әкімшілігін жүргізу, вирусқа қарсы бағдарламаны білу, деректер қорымен жұмыс жасау. Тұтастандырылған салықтың ақпараттық жүйесі, Салық есептілігін өңдеу жүйесі, біріңғай мәліметтерді сақтау қоры хабарламаларды шығару тәртібі бағдарламасы, орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттарының ақпараттық жүйесі бағдарламаларын орнату, олардың жұмыс жасауын қамтамсыз ету. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.04.2026 – 08.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 9/4

Анықтама алу үшін байланыс

8-72772-5-00-91