Кезекке тапсырыс беру
Кезекке тапсырыс беру
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, кезектерді азайту, сондай-ақ инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында салық төлеушілерге ыңғайлы уақытта алдын ала салық органына келуге тапсырыс беру мүмкіндігі жүзеге асырылды.
Кезекке тапсырыс беру:
- ҚР ҚМ МКК-ің сайт арқылы;
- «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.
МКК-ің веб-сайтында кезекті брондау «Электрондық қызметтер», «Бизнеске көмек», «Онлайн брондау» бөлімінде қол жетімді. Брондау өтініш формасында келесіні көрсету қажет:
- ЖСН / БСН;
- аймақ;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасы;
- қызмет атауы;
- жоспарланған сапардың күні мен уақыты.
«E-Salyq mobile» мобильді қосымшасы арқылы кезекке тапсырыс жасау үшін, «Электрондық қызметтер» бөлімінде, жоғарыда аталған деректерді енгізу қажет.
39
Жарияланған күні
24 желтоқсан 2020 00:00
Жаңарту күні
24 желтоқсан 2020
Түрі