Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын сыйақы түріндегі бейрезиденттің табысына кандай мөлшерлеме бойынша салық салынады?

Сұрақ:

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын сыйақы түріндегі бейрезиденттің табысына кандай мөлшерлеме бойынша салық салынады?

Жауап:

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын бейрезиденттің сыйақы түріндегі табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы мынадай:
несиелер (қарыздар) және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақы түріндегі табыстарға 15 пайыз;
несиелер (қарыздар) және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыстарға мөлшерлеме 10 пайыз бойынша салынады.

Жарияланған күні

15 қыркүйек 2026

Жаңарту күні

15 қыркүйек 2026