
Салықтық әкімшілендіру

Салықтық әкімшілендіру салық қызметі органдарының салықтық бақылауды жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 19 тамыз 2026Сөз сөйлеуАқтөбе облысында 26,6 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасалды
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0101 қыркүйек 2026Бизнеске арналған салықтар: салық режимдерін талдаймыз
0110 қараша 2021Аяқ киім мен темекі өнімдерін сандық таңбалау
0110 қараша 2021"E-Salyq Business" мобильді қосымшасын қолданудың артықшылықтары
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кеттіМемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жәрмеңке16 қараша 2021Видеоконференция
Ұйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруДекларация депутаттыққа кандидаттардың тұрғылықты жері бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылады:
- Саяси партиялар мен мәслихаттар ұсынған ҚР Парламенті мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар мен олардың жұбайлары - 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша;
- Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі ұсынған депутаттыққа кандидаттар мен олардың жұбайлары 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша;
Декларацияның 2 B ұяшығында 2020 жылды көрсету керек.
Декларация 3 тәсілмен тапсырылады:
1) қағаз түрінде – 2 данада жасалады, бір данасы декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) белгісімен және мөр (мөртабан) бедерімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз түрінде – жеткізуші - салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе басқа байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) Ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) Мемлекеттік кіріс органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады.
Декларация нысаны ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (МКК сайтында орналастырылған).
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді:
- ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттар бойынша - облыстық мемлекеттік кірістер департаменттері;
- Қазақстан Республикасының мәслихаттарына кандидаттар бойынша - аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары тексереді.



