Жеке тұлғаларға арналған ақпарат

Жеке тұлғаларға арналған ақпарат

     Егер Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаға: тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, құрылыстар, үй – жайлар, жер учаскелері тіркелген болса, онда жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеу қажет (КБК-104102).

        Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуі салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

        Егер Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаға көлік құралы тіркелген болса, онда жеке тұлғалардан көлік құралына салынатын салықты төлеу қажет (КБК – 104402).

Жеке тұлғалардың көлік құралына салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

         Көлік құралы иесінің атынан көлік құралын иеліктен шығару құқығымен басқаруға сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлға болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі осы салық кезеңі үшін көлік құралы иесінің салық міндеттемесін орындау болып табылады.

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Салық кодексіне сәйкес, автокөлікке меншік құқығы тіркелген жеке тұлға салық төлеуші болып табылады. Сіздің меншік құқығыңыз жасалған екіжақты мәміле және уәкілетті органда тіркелген мәміле негізінде ғана тоқтатылады, автомобильді басқа тәсілдермен (сенімхат бойынша не сақтандыру бойынша) сату меншік құқығын тоқтатпайды. Демек, салықтар уәкілетті органда ресми тіркелген автокөлік иесіне есептеледі. Бұл ретте көлік құралдарын Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес сенімхат бойынша беру мүлікті иеліктен шығару және меншік құқығын беру болып табылмайды, бірақ оны басқаруға немесе меншік иесінің атынан мүдделерін білдіруге құқық береді. Осылайша, сіз төлеуші боласыз, өйткені автомобиль сіздің атыңызда есепте тұр немесе нақты пайдаланушы сіздің атыңыздан осы көлік үшін салық төлей алады (бұл ретте төлемді жөнелтушілерде ЖСН және көлік иесінің Т.А. Ә. көрсету қажет).