Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы. «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының негізгі Заңымен реттеледі (25.08.2026 ж. жағдай бойынша өзгерістермен толықтырулармен).

Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне, сондай-ақ формальды негіздер бойынша бас тартуға жол бермеу;

мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

         мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің клиентке бағдарлануы, сапасы мен қолжетімділігі;

мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Салық және кеден бағытындағы мемлекеттік қызметтер салық төлеушілердің таңдауы бойынша келесі ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі:

- салық төлеушінің кабинеті,

- kgd.gov.kz комитетінің порталы,

- «электрондық үкімет» eGov.kz порталы,

- «eLicense.kz» порталы,

-eGov mobile, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business мобильді қосымшалары,

- Kaspi, Halyk Bank және басқа да банктік қосымшалары.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 98% - дан астамы электрондық түрде көрсетіледі. Жалпы, мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілер үшін мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы алу үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін барлық шаралар қолданылады.

 

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті тұлғасы) Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы не өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады. Хабарлама жіберу қол жетімді:

-E-gov порталында e-license бөлімінде;

- банк ұйымдарының мобильді қосымшаларында;

- Е-салық Бизнес мобильді қосымшасында;

-келутәртібімен.

Егер өтініш беруші кәмелетке толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде - неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелетке толмаған адамды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі.