Мұғалім күні

Қазақстанда Мұғалім күнін 5 қазанда атап өту жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, ағымдағы жылдың 2 ақпанында «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жария талқылау үшін орналастырылды, сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңеске келісуге жіберілді.

Жарияланған күні

07 ақпан 2023

Жаңарту күні

07 ақпан 2023