Өтініштер мен сұраулардың үлгілері
Өтініштер мен сұраулардың үлгілері
2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабына сәйкес жолданымға қойылатын жалпы талаптар көзделген
Жолданымға қойылатын жалпы талаптар
- Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
- Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
829