Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА

Қызмет

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі – Академия)  – Қазақстанның білім беру жүйесін ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, академиялық еркіндікті кеңейту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру негізінде білім берудің қазіргі замандағы парадигмасын ілгерілету үшін барлық мүдделі тараптардың (стейкхолдерлердің) күш-жігерін шоғырландыратын республикалық ғылыми-педагогикалық орталық.

Академия қызметінің мақсаты: педагогикалық парадигманы трансформациялау және мемлекеттің білім беру саясатына ықпал ету арқылы дәстүрлі білім беру практикасын жаңартуды қамтамасыз ететін ұлттық ғылыми-әдіснамалық орталық құру және оның табысты жұмыс жасауы болып табылады.

Академия қызметінің бағыттары:

  1. Білім беру философиясы мен саясатын теориялық-әдіснамалық қамтамасыз ету.
  2. Білім берудің барлық деңгейлерінің интеграциясы мен сабақтастығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
  3. Білім беруді жаңғырту процесін әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
  4. Білім беру теориясы мен практикасының дамуын ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету.
  5. Мониторингтік зерттеулер және сапаны басқару.

Академия қызметінің түрлері:

1) Білім беру саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

2) Білім және ғылым жүйесінің жай-күйіне және дамуына талдау жүргізуге қатысу;

3) 12 жылдық білім беруге көшуді әдіснамалық және әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;

4) білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;

5) білім және ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын ғылыми-әдістемелік, ғылыми-кеңес берушілік және сараптамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

6) МЖМБС, орта білім берудің оқу бағдарламаларын, білім берудің барлық деңгейлері оқу-әдістемелік өнімдерінің түрлерін әзірлеуге, апробациядан өткізуге және ғылыми-педагогикалық сараптауға қатысу;

7) мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ғылыми зерттеу орталықтарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

8) оқыту мен оқудың цифрлық технологияларын әзірлеуге және оны енгізуге әдіснамалық және әдістемелік қолдау көрсету;

9) білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу-әдістемелік қызметтердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

10) үздіксіз білім беру мәселелерінде білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік қызметін үйлестіру.