Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Тұрғын үй қорын дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Сәулет
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қаржы
Функционалды міндеттер
«Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесінің мониторингі және оны дамыту. Тұрғын үй инспекцияларының, кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне, тұрғын үй қорының жай-күйіне, тұрғын үй қорындағы "Нұрлы жер" бағдарламасының іске асырылуына Мониторинг жүргізу. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу реформасын іске асыру және мониторингілеу. Кондоминиум объектісін басқару органы мен кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі сервистік қызмет субъектілері арасындағы ынтымақтастық шарттарын жасасуға, кондоминиум объектілерін басқару органдары мен пәтер иелері арасында кондоминиум объектісін басқаруға шарттар жасасуға, меншік иелерінің үйді алдағы күрделі жөндеуге жинақтауларын жүзеге асыруға Мониторинг жүргізу. Тұрғын үй қоры саласында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспардың тиісті бөлімінің мониторингі, жергілікті атқарушы органдармен келісімдерді дайындау, жасасу және олардың орындалу мониторингі. Үкімет отырыстары мен кеңестерге, шағын іс-шаралар алқасына материалдар дайындауға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың хаттарына, Парламент депутаттарының сауалдарына, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің тапсырмаларына жауаптар дайындау; Министрліктің, Комитеттің және Басқарманың басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.08.2022
- проспект Кабанбай батыра 32/1, онлайн
-
983432