Тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының бас сарапшысы уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 06.04.2021 ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Кадастр
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, , «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»,  «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарды, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»ҚР Кодексі, ҚР Бюджеттік кодексі. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

Функционалды міндеттер

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Ипотекалық ұйымы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Самұрық Қазына «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ,  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, жергілікті атқарушы органдардан ақпаратты жинау арқылы тұрғын үй құрылысын бағдарламаларын іске асыруына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру. Тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру үшін жоспарлы кезеңге арналған, соның ішінде ҚР Ұлттық қор қаражатын бөлудің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына экономикалық талдау мәселелері бойынша Комитеттің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз ету. Тұрғын үй құрылысын саясатын дамытудағы нормативтік құқықтық  актілер жобаларын әзірлеу. Республикалық және ведомствоаралық комиссиялар жұмысына қатысу. Министрлік, Комитет және өзге де мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жасау. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарын ұсыныстар енгізу. Тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша әдіснамалық түсініктемелерді жүзеге асыру. Үкімет отырысына, Министрлік пен Комитет кеңестеріне материалдарды (таныстырылымдар, баяндамалар, анықтамалар) әзірлеу. Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің тапсырмалар мен нормативтік-құқықтық актілерін уақтылы орындау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша, оның ішінде: Депутаттық сауалдарды, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды уақытылы дайындау. Қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;  жетекшілік жасайтын бағыт бойынша жұмыс жоспарларын, ақпараттық, талдамалық, анықтамалық материалдар мен есептерді мәселелері бойынша, дайындау. Комитет басшыларымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.05.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.05.2020 – 01.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-27-10