Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшы, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 13.05.2021ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Сәулет
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді тіркеу мен беру бойынша, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Тұрғын үй инспекцияларының, кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне, тұрғын үй қорының жай-күйіне, Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуына мониторинг жүргізу. Тұрғын үй секторында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруда мониторинг жүргізу. Кондоминиум объектісін басқару органы мен кондоминиум объектісін күтіп-ұстау сервистік қызмет субъектісі арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын жасауда, кондоминиум объектілерін басқару органдары мен ағымдағы және жинақ шоттарынан ашылған пәтер меншік иелері арасында ынтымақтастық шарттар жасауда мониторинг жүргізу. Тұрғын үй қатынастары саласында бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспардың тиісті бөлігін, жергілікті атқарушы органдармен салалық келісімдер әзірлеу, жасау және оның орындалуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың, Парламент депутаттарының сауалдарын, Президент Әкімшілігінің, Үкіметінің тапсырмаларын қарау бойынша жұмыстар ұйымдастыру; Үкімет отырыстары мен кеңестеріне, Министрліктің алқа мәжілісіне материалдар дайындауға қатысу, Комитет басшылығы жүктейтін өзге міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.02.2021
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс, (онлайн)
-
74-27-10; 8702-588-5778