ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Коммуналдық шаруашылық басқармасының бас сарапшысы C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

297585

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру бойынша заңдардың, қаулылардың, өкімдердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен ұсыныстардың жобаларын әзірлеуге қатысу; реттелетін саладағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу; бюджеттік жоспарлауға және коммуналдық саладағы инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыруға, жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) салалық келісімдерді және Қаржы министрлігімен және ЖАО-мен үшжақты кредиттік шарттарды дайындауға қатысу. Коммуналдық саладағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық жобаларын келісуге қатысу. Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларын олардың іске асырылуына одан әрі мониторинг және бағалау жүргізе отырып қарау. Мынадай бағыттар бойынша жылыту кезеңдерінің дайындығы мен

өтуін қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпаратты мониторингілеу және талдау: автономды қазандықтар; білім беру және денсаулық сақтау объектілері, әлеуметтік объектілер; тұрғын үйлер; жылумен жабдықтау желілері. Коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту саласында үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, Басшылық жүктеген өзге де функцияларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2025 – 13.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-34-32