BIM-технология (ТИМСО)
undefined
Цифрландыру дегеніміз ұйымның, өнеркәсіптік саланың немесе мемлекеттің цифрлық немесе компьютерлік технологияларды пайдалануды қабылдауы немесе кеңейтуі болып табылады. «Ақылды» шешімдерді енгізе отырып, цифрлық экономика инфрақұрылымның үздік мониторингіне және бақылауына, халықтың денсаулығы мен тұрмысын жақсартуға, қоғамдық қызметтердің өнімділігі мен сапасының артуына және азаматтардың қанағаттандырылу деңгейін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа бизнесті және жаңа жұмыс орындарын құруға алып келетін біздің күнделікті өміріміздің барлық дерлік аспектілерін революцияландыра алады.
Алғаш рет ВІМ тұжырымдамасы 70-ші жылдары пайда болды, сол кезде Джорджия Технологиялық институтының профессоры Чарльз Истманның «Ғимаратты жобалауда сызбалардың орнына компьютерлерді пайдалану» атты басылымында «Ғимаратты сипаттау жүйесі (BDS)» жұмыс прототипі сипатталған, ол параметрлік жобалау, модельден 2D –сызбаларды алу, «визуалдық және сандық талдау үшін бірыңғай біріктірілген дерекқор» идеяларынан тұрған, ол сондай-ақ «ірі жобалардың мердігерлері материалдарды жоспарлау және реттеу үшін осы ұсынысты тиімді деп санауы мүмкін» деп ұйғарды.
Чарльз Истман 1970 жылдардың ортасынан бастап құрылыс саласы үшін модельдеудің 3D және параметрлік жүйелерін әзірлеген. Сәулетші ретінде оқу аяқтаған соң, ол «Ғимаратты сипаттау жүйесі» мен «Құрылыс өнімдерін модельдеу» практиктерге арналған құралдарды әзірлеуге зейін қойды. Ол Карнеги-Меллон Университетінде сәулет саласында докторлық диссертациясын қорғады және ACADIA (ғиамраттарды модельдеу бойынша солтүстік америкалық академиялық конференция) негізін құрады. Ол 1980 жылдардың басында параметрлік модельдеуді (FORMTEK деп аталатын) құруды бастады.
BIM-технология (ҚОАМТ) дегеніміз не?
Құрылыс объектілерінің ақпараттық модельдеу технологиялары (ҚОАМТ, building information modeling аналогы): Құрылыс объектісі туралы ақпаратты оның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде ұжымдық құру және басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін технологиялардың, өндірістік процестердің және регламенттердің жиынтығы. Бұл дегеніміз, ғимаратпен жұмыстың әр кезеңінде пайда болатын ақпарат сақтауға мұрағатқа жіберілмейді, керісінше кейінгі жұмыс кезеңдерінде пайдаланылады, түрлендіріледі және толықтырылады.
Деректер құрылыстың бүкіл өмірілк циклінің бойында ақпараттық 3D-модельге енгізіледі. Олар тұжырымдамаларды жоспарлау және әзірлеу, жобалау, материалдар мен жабдықтарды сатып алу, ғимаратты пайдалану және кейіннен реконструкциялау үшін қажет. Ақпараттық модель инвесторлар, инжинирингтік компаниялар, жобалау, құрылыс және пайдалану ұйымдары үшін жалғыз және ең нақты деректер көзіне айналады.
Жалпы мәнінде құрылыс саласының ақпараттық модельдеу технологиясы (бұдан әрі - ҚОАМТ) ақпарат басқару үдерістерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
BIM-технологияларын (ҚОАМТ) қолданудың әсері
ВІМ-технологияларын қолдану бойынша көшбасшыларға айналған елдердің тәжірибесі туралы айтуға болады. Қолдану бағалаулары оптимистік, алайда әзірге олар бір реттік пилоттық жобаларға бағытталған және жүйелік зерттеулердің нәтижелерін ұсынбайды.
Жобалау кезеңіндегі BIM-технология (ҚОАМТ)
ҚОАМТ қолдану әр түрлі мамандармен және ұйымдармен құрылатын ғимарат жүйелерін біріктіріп жинауға, түйістіруге және келісуге мүмкіндік береді. Бұл жобалау кезеңіндегі кез-келген ақаулықтарды (қайшылықтарды) анықтауға жәрдемдеседі және конструкцияларды олардың төзімділігіне, функционалдық жарамдылығына және пайдалану сапаларына алдын ала тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жобаланатын объектінің құрылған моделі кейін басқа үдерістерді модельдеу (4/5/6-D) үшін негізге айналады. Ол әр түрлі жұмыс құжаттамаларын құру, құрылыс конструкциялары мен бөлшектерін әзірлеу және даярлау, объектіні жиынтықтылау, технологиялық жабдыққа тапсырыс беру және монтаждау, экономикалық есептеулер, ғимараттың өзін салуды ұйымдастыру, сондай-ақ кейіннен пайдаланудың техникалық және ұйымдық-шаруашылық мәселелерін шешу үшін белсенді пайдаланылады.
Күнтізбелік кесте мен ғимарат моделінің синтезі визуалды түрде және арнайы құралдардың көмегімен ғимаратты салу үдерісі қаншалықты дұрыс өткенін тексеруге мүмкіндік береді. Жіктеушінің көмегімен әрбір конструктивтік элементті, жабдықты және с.с. уақытша кезеңге байланыстыруға және күнтізбелік жұмыстар кестесін (толық және ірілендіріген көрсеткіштермен) қалыптастыруға болады.
Одан кейін бүкіл құрылыс салу үдерісін анимациялық бейнеролик ретінде динамикада, жалпы үдерісті оңтайландыру үшін үзілістер мен ескертулер жасау, ақаулықтарды немесе ұстанымдарды анықтау мүмкіндігімен қарауға болады.
Сметалық экономикалық модель объект бойынша ақпарат көзі болып табылады және әр элемент элементтің құнымен, оның кеңістіктегі жай-күйімен, жіктеушімен сипаттамасын сақтай алады. Электронды түрде нақты конструкцияларды салу құны мен уақытына арналған нормативтерге ие бола отырып, екі дерекқорды (объект бойынша және нормалар мен бағалары бойынша) қатар қолдануға және тікелей шығындар сметасын қалыптастыру бойынша ыңғайлы құралды алуға болады.
Ғимаратты пайдалану кезінде ақпараттық модельдеу технологияларын пайдалану
Зерттеулер көрсеткендей, ВІМ-технологияларын пайдаланудың негізгі артықшылықтарының бірі энергиялық тиімді жобалауды қолдану мүмкіндігі болып табылады, бұл ретте жобалаудың ерте кезеңдерінде жеткілікті нақтылықпен болашақ құрылыс объектісінің пайдаланушылық шығындарын есептеуге болады, ал жобалау шешімдерінің әр түрлі нұсқаларының есебінен ғимараттар мен құрылыстардың ең оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қолжеткізуге болады.
Сондай-ақ модель нақты объектімен тікелей байланысты технологияларды пайдалана отырып, пайдалану саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Өмірлік циклдің бұл кезеңіндегі негізгі міндет ғимаратты мониторингілеу және пайдалану жүйесін қалыптастыру болып табылады. Жобалау кезеңінде алынған модель құрылыс аяқталғаннан кейін барлық өзгерістер мен реконструкциялардың қоймасы болғанда. Ғимараттың ВІМ-моделі түрінде өзгерістердің бүкіл тарихына ие бола отырып, ғимараттың иесі немесе пайдалану қызметі әрдайым жағдайды бақылауға алып отырады. Құрылыс салу кезінде ғимаратқа әр түрлі датчиктер орналастыру, осылайша, нақты конструкциялардың жобалау мәндерінен ауытқуларын қадағалау мүмкіндігі бар. Басқаша айтқанда, пайдалану моделі жылжымайтын мүлікті басқаруды, оның ішінде қауіпсіздік мониторингін, ағымдағы және жоспарлық жөндеуді, реконструкцияны тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ҚОАМТ қолдана отырып іске асырылған жобалар
Ағымдағы жағдай
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 197 бұйрығымен (2018 жылғы 27 ақпандағы №139 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен) бекітілген «Құрылыс объектілерін жобалау кезінде ақпараттық модельдеу технологияларын (ВІМ-
технологияларын) енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын» іске асыру шеңберінде, 2017-2019 жылдар кезеңінде әзірленді және бекітілді:
ҚР ҚБҚ 1.02-04-2018
ҚР ЕЖ 1.02-111-2017 «Жобалау ұйымында ақпараттық модельдеуді қолдану»
ҚР ЕЖ 1.02-112-2018 «Құрылыс объектілерінің өмірлік циклі. 1-бөлім. Жалпы түсініктер»
ҚР ЕЖ 1.02-113-2018 «Құрылыс объектілерінің өмірлік циклі. 2-бөлім. Құрылысты жобалау алды даярлау кезеңінде ақпараттық моделдерге қойылатын талаптар»
ҚР ЕЖ 1.02-114-2018 «Құрылыс объектілерінің өмірлік циклі. 3-бөлім. Құрылысты жобалық кезеңінде ақпараттық моделдерге қойылатын талаптар»
ҚР ЕЖ 1.02-115-2018 «Құрылыс туралы ақпаратты бірлесіп құруды ұйымдастыру қағидалары. Жалпы деректер ортасы»
ҚР ЕЖ 1.02-116-2018 «Ақпараттық модельдеуді пайдалана отырып алынатын жобалау құжаттамасын ресімдеуге қойылатын талаптар»
ҚР ЕЖ 1.02-117-2018 «Ақпараттық модельдердің сараптамасын жүргізу тәртібі»
ҚР ЕЖ 1.02-118-2019 «Құрылыс объектілерінің өмірлік циклі. 4-бөлім. Құрылыс кезеңінде ақпараттық модельдерге қойылатын талаптар»
ҚР ЕЖ 1.02-119-2019 «Құрылыс объектілерінің өмірлік циклі. 5-бөлім. Пайдалану кезеңінде ақпараттық модельдерге қойылатын талаптар»
ҚР ЕЖ 1.02-120-2019 «Құрылыс ұйымында ақпараттық модельдеуді қолдану»
ҚР ЕЖ 1.02-121-2019 «Пайдалану ұйымында ақпараттық модельдеуді қолдану».
Ағымдағы жылы нормативтік құжаттарды цифрлау және жіктеушіні әзірлеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.