Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу

- кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу;

- салааралық үйлестіруді қалыптастыруға және жүргізуге қатысу, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;

- елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтардан мен жылу электр орталықтарынан басқа) саласында әдістемелік қамтамасыз ету;

- жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;

- елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне, су бұру жүйесіне сарқынды суларды қабылдауға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалануға мониторинг жүргізу.

Жарияланған күні

14 ақпан 2020

Жаңарту күні

14 ақпан 2020