Сәулет,қала құрылыс және құрылыс

- сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының аумағында салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілердің мониторингін жүргізу;

- өз құзыреті шегінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;

- жобалау саласында қолданыстағы жаңа нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау бойынша ұсыныстарды енгізу;

- құрылыста жобалау және баға белгілеу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

- үлгілік жобалау құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;

- құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесін қалыптастыру және жүргізу;

- мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және оның жүргізілуін бақылау;

- тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

Жарияланған күні

13 ақпан 2020

Жаңарту күні

13 ақпан 2020