Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ғылыми-техникалық кеңесінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 09-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
- ҚР ЖБЖ 8.03-01-2020 «Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған бағалар жинағы» (13 бөлім):
1-бөлім «Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар»;
2-бөлім «Металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі кәсіпорындары»;
3-бөлім «Машина жасау өндірісінің кәсіпорындары»;
4-бөлім «Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары»;
5-бөлім «Көлік жəне байланыс кəсіпорындары»;
6-бөлім «Қала құрылысы, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар»;
7-бөлім «Химия өнеркәсібі кәсіпорындары»;
8-бөлім «Сумен жабдықтау және кәріз. Тереңдетілген құрылыстар мен конструкциялар, құрылыстық су деңгейін төмендету және дренаж Су шаруашылығы құрылысы»;
9-бөлім «Өрт сөндіру, газ тазарту және шаң ұстау құрылыстары. Өнеркәсіптік пештер, кептіргіштер, түтін және желдету құбырлары, жылу оқшаулау және коррозияға қарсы қорғау конструкциялары»;
10-бөлім «Энергетика объектілері»;
11-бөлім «Орман шаруашылығы кәсіпорындары»;
12-бөлім «Құрылыс материалдарын жəне металл конструкцияларын, орман, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркəсібін шығару жөніндегі кәсіпорындар»;
13-бөлім «Жеңіл, тоқыма және жергілікті өнеркәсіп»;
- ҚР ИБЖ 8.03-04-2020 «Құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған бағалар жинағы» (3 бөлім):
1-бөлім «Инженерлік-геодезиялық іздестіру»
2-бөлім «Инженерлік-геологиялық іздестіру»
3-бөлім «Инженерлік-гидрографиялық жұмыстар. Өзендердегі инженерлік-гидрометеорологиялық іздестіру» бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов
48
06 қараша 2020 00:00
06 қараша 2020