Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттың күшін жою туралы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттың күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 14-тармағының 21), 27) және 29) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Баға белгілеу және сметалар бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 246-нқ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
- Әзірленетін жобалау, жобалау-сметалық құжаттаманы құрылыстың ағымдағы бағамен (ресурстық әдіс) құнын айқындау бойынша сметалық-нормативтік базаны қолданып жасалсын.
3. 2001 жылғы сметалық-нормативтік база деңгейінде базистік-индекстік әдіспен әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманы түзеткен кезде жұмыстардың қалдық көлемдерінің сметалық құны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығымен бекітілген Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжатқа сәйкес, шығындар жиынтығына жұмыстың орындалған және қалдық көлемдерін біріктіре отырып, айқындалсын.
- 4. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
31
02 қазан 2020 00:00
02 қазан 2020