Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ғылыми-техникалық кеңесінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 09-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
1) «Құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтары» ҚР СБЖ 8.04-08-2020 2020 жыл (3-шығарылым) (17 жинақ);
2) «Құрылыс объектілерінің инженерлік жабдығына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» ҚР СБЖ 8.04-09-2020 2020 жыл (3-шығарылым) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық 2020 жылғы 5 қазаннан бастап күшіне енеді.
Төраға М. Жайымбетов
45
30 қыркүйек 2020 00:00
30 қыркүйек 2020