Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ғылыми-техникалық кеңесінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 24-4-05 НТС/496-вн қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
- ҚР ҚНБҚ01-04-2022 «Құрылыс материалдарына, бұйымдарына, конструкцияларына, жабдығына, жиһазына және мүкәммалына сметалық бағалар анықтамалығын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар»;
- ҚР ҚНБҚ 8.02-01-2022 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштері. Құрылыстың шекті құнының нормативтері»;
- ҚР ҚНБҚ 8.01-02-2022 «Құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған дара сметалық бағаларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар» бекітілсін.
842
Жарияланған күні
01 наурыз 2022 16:33
Жаңарту күні
01 наурыз 2022
Түрі
Жарияланды