Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы (Ред. 4)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне (ВЖЖҮӘ) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Құрылыс ресурстары жіткеуші бекітілсін (Ред. 4).
  2. «Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 6-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі - Комитет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жарияланған күні

13 қазан 2021 09:47

Жаңарту күні

13 қазан 2021

Түрі