Сметалық-нормативтік базаны жүргізу үшін Отандық өндірушілер өндіретін құрылыс өнімінің номенклатурасын бекіту туралы

Сметалық-нормативтік базаны жүргізу үшін Отандық өндірушілер өндіретін құрылыс өнімінің номенклатурасын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне (ВЖЖҮӘ) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Сметалық-нормативтік базаны жүргізу үшін Отандық өндірушілер өндіретін құрылыс өнімінің номенклатурасы бекітілсін.
  2. «Сметалық-нормативтік базаны жүргізу үшін Отандық өндірушілер өндіретін құрылыс өнімінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 6-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі - Комитет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                    М. Жайымбетов

 

Жарияланған күні

02 ақпан 2021 00:00

Жаңарту күні

02 ақпан 2021

Түрі