Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасынының 2019 жылғы 1 қазандағы № 241 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 780 бірлескен бұйрығы негізінде сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 189-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға М. Жайымбетов
9
08 қыркүйек 2020 00:00
08 қыркүйек 2020