«Мемсараптама» РМК
«Мемсараптама» РМК «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылатын ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүзеге асыруға, сондай-ақ негізгі қызметпен технологиялық байланысты «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйені жүргізуді жүзеге асырады.