құрылыста заманауи ақпараттық технологияларды зерттеу және енгізу, сондай – ақ BIM - технологияларды пайдалану арқылы жобалау (практикалық тәжірибесі бар);
құрылыс ресурстарының мониторингі негізінде құрылыста сметалық-нормативтік базаны қалыптастыру, құрылыста сметалық нормалар мен технологиялық карталарды әзірлеу;
құрылыс саласының мамандарын, оның ішінде Еурокодтарды және ақпараттық үлгілеуді қоса алғанда, жаңа нормативтік құқықтық база негіздерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру, ИТЖ аттестациясын өткізу;
құрылыс-зертханалық қызмет көрсету (аккредиттелген зертхана және өндірістік база);
күрделілігі кез келген деңгейдегі ғимараттарды, құрылыстарды және объектілерді жобалау, соның ішінде түрлі климаттық аймақтарда кәдімгі және сейсмикалық аудандарда құрылыс үшін үлгі жобаларды әзірлеу;
ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстар, сәулет саласындағы нормативтік техникалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде консультациялық қызметтер көрсету;
ғылыми зерттеулер, тәжірибелік - эксперименттік, технологиялық және жобалау жұмыстарын жүргізу, жаңа және инновациялық ғылыми - техникалық әзірлемелерді (материалдар, конструкциялар мен технологияларды) құрылыс практикасына енгізу);