Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Көкшетау қаласында Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізді


Төраға өз баяндамасында қазынашылық органдарының негізгі функциялары туралы, МӘС бюджетінің 4-деңгейі туралы айтып, электрондық депозитарийді жүргізу мәселелерін қозғады. Сөздің соңғы бөлігінде Рахат Түкбаев Қазынашылық комитеті жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларына тоқталды.
"Мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға қарсы іс-қимыл мақсатында қазынашылық органдарында мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
* сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар бекітілді;
* аумақтық қазынашылық органдарының қызметін бағалаудың тоқсан сайынғы рейтингі өткізіледі", - деді төраға.
Сондай ақ кездесу барысында азаматтар
өз сұрақтарына отандық Қазынашылықтың бірінші тұлғасынан толық көлемде жауап алдық.
https://t.me/qarjyminchannel/3867
