Мемлекеттік қазынашылық комитетінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы халықаралық Келісімін орындау шеңберінде бірлескен аудиторлық іс-шара өтті

2026 жылғы 10 -16 маусым аралығында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдарының өкілдері (Армения Республикасының Аудиторлық палатасының, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетінің, Қырғыз Республикасының Есеп палатасының, Ресей Федерациясының Есеп палатасының және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының) Қазақстан Республикасының 2025 жылғы кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы Хаттама ережелерінің орындалуын тексеру бойынша бірлескен аудиторлық іс-шарасын өткізіді. Бақылау іс-шарасының мәні Мемлекеттік қазынашылық комитетінің кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібін қолдану жөніндегі қызметі болды.