Қазақстандық қазынашылар Тбилисидегі PEMPAL қазынашылық қызметтердің кездесуіне қатысты

Қазақстандық қазынашылар Тбилисидегі PEMPAL қазынашылық қызметтердің кездесуіне қатысты

2025 жылдың 28-30 мамыры аралығында Грузияның астанасы Тбилиси қаласында қазынашылық қызметтердің  қазынашылық тәжірибесіне арналған кеңейтілген оқыту сапары өтуде.

Шараға Қазақстаннан Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбев, сондай-ақ басқарма басшылары Елубаева Д. және Жақыпов А. бастаған делегация қатысуда.

Қатысушылар цифрландыру, өтімділікті басқару және қазынашылық жүйесінің заманауи құралдарын енгізу бойынша грузин әріптестерінің тәжірибесін зерделеуде.

Бағдарламаға мыналар кіреді:
 Грузияның Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік қазынашылық өкілдерінің сөйлеген сөздері
 Еліміздің қазынашылық жүйесінің тарихы мен трансформациясы
 Бірыңғай Салық кодексін талқылау
Өтімділікті басқару бойынша презентациялар (Грузия, Венгрия, Дүниежүзілік банк тәжірибесі)
 Тікелей пікірталас, тәжірибе алмасу.

Қазақстандық делегацияның қатысуы озық халықаралық тәжірибені енгізуге және елімізде қазынашылық жүйесін одан әрі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.