Челлендж "Қазыналы ел". СҚО
«Қазыналы ел» челленджі аясында Солтүстік Қазақстан облысы облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті әзірлеген бейнероликті ұсынамыз.
Бейнеде Петропавл қаласында орналасқан көне мешіт, қазіргі атауы - Ислам мәдениетінің музейі туралы баяндалады. Мешіт 1857 жылы салынған.
Бүгінде музей залдарында көне Құран кітаптары, қолжазбалар, діни әдебиеттер, құжаттар, фотосуреттер және Алтын Орда дәуірінің жәдігерлері сақтаулы. 1938 жылға қарай қалада бірде-бір жұмыс істейтін мешіт қалмай, тек осы мешіт қана аман қалды. Соғыс жылдарында оның ішінде Киров атындағы эвакуацияланған зауыттың бөлмелері орналастырылды.