Челлендж "Қазыналы ел". Астана қаласы

Жарияланған күні: 11 маусым 2026

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің ұжымы «Қазыналы ел» челленджі аясында Ерейментау өңіріндегі бірегей тарихи орын – «Құмай» этнографиялық паркіне саяхат жасады.

Астанадан 120 шақырым жерде орналасқан бұл кешенде ежелгі қоныстардың, қорымдардың, ғұрыптық құрылыстардың іздері сақталған. Парк аумағындағы балбал тастар түркі халықтарының ата-баба рухына деген құрметін бейнелейді.

Кешеннің көрнекті нысандарының бірі – Қосбатыр балбалдары мен түркі қағанына арналған деп есептелетін алып мүсін. Бұл ескерткіштер Ұлы Даланың бай тарихы мен мәдени мұрасынан сыр шертеді.

«Құмай» этнографиялық паркі – мыңжылдық тарих сақталған ашық аспан астындағы бірегей музей.