Қазақстан Қазынашылығының 25-жылдығына арналған қазынашылар арасында қорытынды спартакиадасы өтті

Жарияланған күні: 18 қазан 2019
Қазақстан Қазынашылығының  25-жылдығына арналған қазынашылар арасында  қорытынды спартакиадасы өтті

         

 

 2019 жылдың 12 қазанда Қазынашылық комитеті өзінің қызметкерлері арасында қорытынды спартакиаданы өткізді.

            Қазақстан Қазынашылығының 25-жылдығына арналған спартакиадасы қазынашылық органдарының қызметкерлеріне белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесін және корпоративтік рухты көтеру мақсатында өткізілді.

           Спорттан бақ сынасуға  спартакиадаға 12 қазынашылық аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері келген. Жарыстар спорттың үш түрінен: мини-футбол, волейбол, үстел теннисінен өтті.

           Ойындардың қорытындысы бойынша мини-футболдан 1-ші орынды, яғни чемпиондық атақты Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің спортшылары жеңіп алды. 2-ші орынға Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті ие болды. Ал Қызылорда бойынша қазынашылық департаментінің жігіттері 3-ші орынды иеленді.

          Ерекше ойын көрсеткен мини-футболшыларға келесі номинациялар бойынша грамоталар табысталды:  «Үздік қорғаушы» Данияр Алтынбаев - Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментінің  құрамасынан, Оспанов Тимур - Қызылорда  облысы бойынша қазынашылық департаментінің командасынан «Үздік қақпашы» атағына ие болды, ал Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінен Джолдасов Нуржигит  «Үздік шабуылдаушы»  атанды.

            Волейбол ойыны бойынша Шығыс Қазақстан бойынша қазынашылық департаментінің командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе бойынша қазынашылық департаменті 2-ші орынға, Солтүстік Қазақстан бойынша қазынашылық департаменті 3-ші орынға ие болды. Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің  волейболшысы Нұржанова Камшат «Үздік доп қабылдаушы» номинациясының иегері болды, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінен Қазыхан Бекжан «Үздік доп шабуылдаушы», ал «Үздік доп беруші» номинациясы Ақтөбе бойынша қазынашылық департаментінің ойыншысы Амантаев Дарынға бұйырды.

            Үстел теннисінен  Шығыс Қазақстан бойынша қазынашылық департаментінің командасы қарсыластарын шаң қаптырып кетсе, Жамбыл бойынша   қазынашылық департаментінің теннисшілері тұғырдың 2-ші сатысына табан тіреді.  Бұл ойын бойынша 3-ші орынды  Ақмола бойынша қазынашылық департаменті жеңіп алды. Ерлер арасында «Үздік ракеткасы» атағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің командасынан Әсетұлы Серік ие болса, әйелдер арасындағы «Үздік ракеткасы» номинациясын Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаментінің командасынан Нурсейтова Айгүл мен Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінен Назарова Айгерімге бөліп алды.

            Қазынашылық комитетінің төрағасы Ашуев Айдын Жумабекович жеңімпаздарға кубоктар,  дипломдар мен грамоталар табыс етті.