«Жақсы істер марафоны», «Қайырымдылық керуені»

Жарияланған күні: 01 қараша 2021
«Жақсы істер марафоны», «Қайырымдылық керуені»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 – жыл мерекесіне орай Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті, аудандық және қалалық қазынашылық басқармаларымен «Жақсы істер марафоны», «Қайырымдылық керуені» жобалары бойынша  келесі іс-шаралар атқарылды:

 Ұзынкөл аудандық қазынашылық басқармасы № 1 Ұзынкөл орта мектебінің 5 «В» сынып оқушысы Сафин Игнатқа кеңсе заттарын сатып алу үшін материалдық көмек көрсетті.

Денисов аудандық қазынашылық басқармасы, аз қамтылған отбасы қатарындағы көпбалалы отбасына, № 1 Денисов орта мектебінің 3 сынып оқушысы Кашуба Максимге материалдық көмек көрсетті.

Беймбет Майлин ауданы қазынашылық басқармасы, көпбалалы отбасындағы,  Беймбет Майлин орта мектебінің 5 сынып оқушысы Нурсултан Серикович Мукановқа мектеп киімін және кеңсе таурларын сатып алу үшін материалдық көмек көрсетті.

Меңдіқара аудандық қазынашылық басқармасы аз қамтылған отбасы қатарындағы көпбалалы отбасына материалдық көмек көрсетті. Басқарманың ұжымы, осы жоба аясында - «Рахат» маркетінде орналасқан «Полка добра» үшін қажет тұтатын халыққа бірінші қажеттілікті азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Наурызым аудандық қазынашылық басқармасы аз қамтылған отбасы қатарындағы көпбалалы отбасына материалдық көмек көрсетті.

Қарабалық аудандық қазынашылық басқармасы көп балалы отбасынан шыққан Лаура Руслановна Шакибаеваға материалдық көмек көрсетті. Зейнеткер Александр Васильевич Солоницынға картоп жинауға көмек көрсетті.

«Қайырымдылық керуені» жобасы аясында мугедек бала Томирис Мағауоваға мектеп формасы мен кеңсе таурлары сатып алуға комек көрсетті,  сондай -ақ, баланың Нұр-сұлтан қаласына алдағы жоспарлы операцияға баруы үшін материалдық көмек көрсетті.

Алтынсарин аудандық қазынашылық басқармасы, көп балалы отбасынан шыққан Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің мектепалды даярлық сынып оқушысы Гафаров Санжарды кеңсе тауарларымен камтамасыз етті.

Арқалық қалалық қазынашылық басқарма ұжымы «Қарттар күні» мерекесімен қазынашылықтың зейнеткерлерін және Арқалық қаласының зейнеткерін құттықтап кішігірім сый сияпат жасады.

Жангелдин аудандық қазынашылық басқармасы  01 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай, қаржы саласында қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, үйлеріне барып мерекелік сыйлық және азық-түлік табысталып, құрмет көрсетті.

Жітіқара аудандық қазынашылық басқармасы мұқтаж отбасына болашақ сәби үшін заттарды сатып алуға көмек көрсету бойынша бір реттік  акция өткізді. 

Қарасу аудандық қазынашылық басқармасы, көп балалы отбасынан шыққан, «Карасу жалпы білімді мемлекеттік тілде оқыту мектебі» КММ 10 сынып оқушысы Темиргали Ратмир Максутұлына мектеп формасы мен кеңсе таурлары сатып алуға көмек көрсетті.

Лисаковск қалалық қазынашылық басқармасы, аз қамтылған отбасы қатарындағы көпбалалы отбасына, Қостанай облысы бойынша әкімдігінің білім басқармасының Лисаковск қаласының № 4 жалпы білімді мектебінің 6 сынып оқушысы Тайкпанова Мадинаға материалдық көмек көрсетті.

Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департамент ұжымы «Қостанай облысы бойынша әкімдігінің білім басқармасының №22 жалпы білімді мектебі» КММ 3 сынып оқушысы, әжесінің қамқорлығындағы жетім бала Дарина Поческаяға көмек көрсетті.