Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД 21 елінен келген сарапшылардың қатысуымен Қазынашылық қоғамдастықтардың (PEMPAL және PEMNA) бірінші бірлескен пленарлық отырысы
Мәжіліс барысында мынадай тақырыптар қозғалады:
- ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің мемлекеттік бюджетті атқару саласындағы тәжірибесі: қазынашылық органдарының функциялары мен міндеттері, негізгі жетістіктері;
- бюджетті орындаудың әртүрлі модельдері және қазынашылық бақылау мен тәуекелдерді басқару құралдарын қолданудың тиісті тәсілдері;
- басқа елдердің қазынашылықтарында қолданылатын цифрлық технологиялар;
- dBrain жүйесінің жаңа буынын енгізу бойынша Корея Республикасының тәжірибесі.
- бюджеттің орындалуы және қазынашылық бақылау шаралары: француз және англо-саксон модельдерін салыстыру және басқа да тақырыптар.
Қазынашылық қуымдастықтардың осындай пленарлық отырыстары жыл сайын қоғамдастыққа мүше елдерде өткізіліп тұрады. Мақсаты – мүше елдердің қазынашылықтарындағы соңғы жаңалықтарды талқылау. Мұндай басқосулар кәсіби тәжірибемен бөлісу, біліктілікті арттыру арқылы мемлекеттердің бір-бірінен үйренуіне, тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік береді.
23 мамыр 2023
26 мамыр 2023
город Алматы
Конференция